Сібірде 3 мың гектардан астам орман отқа оранды

АСТАНА. 6 қазан. Қазақпарат - Сібірде өрт шарпыған орман аумағы 3,36 мың гектарға жетті, өрт ошағы 48 жерде тіркелген, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің Сібір орталығы.

Ведомствоның мәліметтері бойынша, 48 өрт ошағының 2,403 мың гектарды құрайтын 27-сінде жалын сөндірілген, Бір тәулікте ғана өрт жалыны 820 гектарға ұлғайған.

Өрт оқиғалары Забайкальеде, Иркутск облысында, Бурятияда, Краснодар өлкесі мен Тувада тіркелген. Забайкалье өлкесінде төтенше жағдай режимі жалғасуда, мұнда сегіз ауданда 2325 гектар алқапта 23 орман өрттері тіркеліп отыр. Бір тәулікте оның көлемі мың гектарға жуық ұлғайған.

Аймақтағы өрттерді сөндіруге 718 адам және 156 бірлік техника, адамдар мен жүктерді жеткізетін ТЖМ-ның 4 тікұшағы жұмылдырылған. Орман өрттері жайлаған аумақтарға күштерді жұмылдыруды одан әрі көбейту шаралары жүргізілуде.

ТЖМ Сібір орталығының хабарлауынша, ормандарда өрт қауіпсіздігіне рейдтер жүргізіліп, бір тәуліктің өзінде ғана 12 әкімшілік хаттама толтырылды. Ормандарға жолдарды жабу және жағдайға мониторинг жасау үшін 716 бекеттер қойылды.