«100 млн жыл бұрынғы деген болжам бар. Батыс Сібірдің оңтүстік-шығысында ірі жыртқыш динозаврлар тіршілік еткен. Биіктігі үш метрге дейін аллозавр немесе ірі дромеозаврид болуы мүмкін. Олардың өмір сүргені жайлы дәлел тапқымыз келген. Ал биыл бойы бір метр шағын динозаврлардың сүйектері табылуда», - деген зертхана қызметкері Степан Иванцовтың сөзін келтірді баспасөз қызметі.
Осыған орай ғалымдарда екі болжам туындады. «Олар шағын жыртқыш динозаврлар мекенін тапты немесе сол ежелгі кесірткелер сол жерде жұмыртқалаған болуы мүмкін, ғалымдар жас динозаврлардың тасқа айналған сүйектерін тапты», деп атап өтеді университетте.
Ғалымның айтуынша, Батыс Сібірде 100-130 млн жыл бұрын тіршілік еткен пситтакозаврлардың сүйектері жиі кездеседі. Оны ғалымдар зертханада зерделемек.