NASA-ның Жердіқашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған суреттер 26 шілдеден бері жалынқұшағында қалған орман аумағы ұлғайып бара жатқанын көрсетіп отыр. Өрттіңтүтіні батысқа қарай тарап жатыр.
Соған байланысты,СҚО, ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарын, Нұр-Сұлтан қаласын басыпқалған түтін енді Қарағанды облысына тарап, тіпті Алматы облысының солтүстікаудандарына да жеткен.
«Қазгидрометтің»экологиялық мониторинг стансаларынан алынған деректерге қарағанда, ҚазақстанныңРесеймен шекаралас аумақтарында ауаның ластану деңгейі шектік мөлшерден асыпкеткен.
| Облыстар | Максимальды бөлшек коцентрациясы (Шекті рұқсат етілген концентрация) | |||||||
| PM 2.5 | PM 10 | NO | NO2 | O3 | СО | H2S | SO2 | |
| СҚО | - | - | - | - | - | - | - | - |
| ШҚО | - | - | - | - | - | - | - | 2,9 |
| Павлодар | - | - | - | - | - | - | - | - |
| Ақмола | 2,9 | 1,8 | 1,0 | - | - | - | - | - |
| Нұр-Сұлтан | 1,2 | - | - | - | - | - | - | - |
| Қостанай | 2,1 | - | - | 2,2 | - | - | - | - |
| Қарағанды | 1,3 | - | - | - | 1,3 | 1,9 | 3,8 | - |
| Алматы | - | 1,0 | - | 1,2 | - | - | - | 2 |
Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматыоблыстары және Нұр-Сұлтан қаласында ауада ластайтын заттардың жиналуынамүмкіндік беретін қолайсыз метеожағдай қалыптасты.
Аталған облыстарда жылдамдығы секундына 6 метр оңтүстік батыс желі байқалады, көпөңірде жаңбыр жаумаған, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодароблыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында түтін байқалады.
Еске сала кетсек, бұған дейін астанадағы түтін Ресейдегі ормандарының өртінен келіп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 25 шілдедегі мәлімет бойынша, Ресейдің Краснояр өлкесі мен Иркутск облысында миллион гектар орман алқабы жанып жатыр.