Сібірдегі өрт Қазақстан үшін қауіпті ме

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Ресейдің Сібір аумағындағы өрттің таралуы Қазақстанға қауіп тудырмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл өрт бізге қатер тудырмайды. Төтеншежағдайлардың үйлестірушісі ретінде барлық өртке қатысты мәселені бақылаудаұстауға және дер кезінде көмек көрсетуге тырысамыз», - деді В. Беккер.

Оның пайымынша, ел аумағы үлкен болғандықтан тілсізжаумен күрес ресейлік құтқарушылар үшін қиынға соғып тұр.

«Біз өртті бастапқы кезеңде өшіруге бар күш-жігерімізді салып келеміз. Өкінішке қарай,Ресейде табиғи өрттер проблемасы бар.Өйткенібұл елдің аумағы өте үлкен. Сонымен қатар, біздегі сияқты РФ-те елді мекендерарақашықтығы тым алшақ. Ресейліктер өрт ошақтары анықталған жағдайда бізгехабар береді. Бұл шаралар өртке уақытылыәрекет ету үшін жасалады», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін елорданы басқан түтін Ресейдегі орман өрттерінен келіп жатқанын хабарлағанболатынбыз.

25 шілдедегі мәлімет бойынша, Ресейдің Красноярөлкесі мен Иркутск облысында өрткеоранған орман алқабының аумағы миллионгектарды құрады.

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігінбақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов Сібірдегі орман өртінің түтініелордаға қайта келетінін, бірақ оған алаңдауға ешнегіз жоқтығын мәлім еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар