«Облыстың сегіз ауданын су басты. 20 елдімекендегі 475 үй су астында қалды. Онда тұратын 2 мың 699 адам, соның ішінде653 бала зардап шекті. Бұдан тыс, 657 үйдің ауласы, әлеуметтік маңызы бар екінысан, бір автомобиль көпірі, автожолдардың үш учаскесін де су басқан», - депмәлімдеді ТЖМ өңірлік бас басқармасының баспасөз қызметі.
Нөсер салдарынан Кирей, Ия, Олха, Катаржанка,Солзан, Харлахта, Ока, Тойсук және Хорка өзендерінің су деңгейі көтерілген.
Ия өзенінің ең көп зардап шеккен Тулунқаласының маңындағы бөлігінде су деңгейі 9,9 м жеткен, ал шектік меже 7 мболатын.
Айта кетейік, тасқынның алғашқы толқынында Ияөзенінің деңгейі 13 метрге жеткен. Сол кезде 887 тұрғын үй су астында қалып,835 адам эвакуацияланған еді.