Тараптар энергия үнемдеу саласындағы бастамаларды ілгерілетуге, нормативтік-техникалық реттеу мен стандарттар бойынша тәжірибе алмасуға, салалық талаптарды жетілдіруге, сондай-ақ мамандар даярлау мен ғылыми-білім беру ұйымдарымен байланысты дамытуға ниетті.
Саладағы негізгі мәселелердің бірі — ескі тұрғын үй қорындағы ғимараттардың жылу шығынының жоғары болуы. Қабырғалар, терезелер және түйісу орындары арқылы жылудың 30–40%-ға дейінгі бөлігі жоғалады. QAZ IZOL заманауи синтетикалық материалдарды қолдану және ЖОМ өндірісін жергілікті деңгейде дамыту арқылы 2030 жылға қарай нысандардағы энергия тұтынуды 20–30%-ға төмендетуді мақсат етіп отыр.
Серіктестік тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және өнеркәсіптік құрылыс салаларында полимерлік жылу оқшаулағыш материалдарды кеңінен қолдануға бағытталған. Бұл бағытқа ғимараттардың қасбеттерін жаңғырту, жылу желілерін, шатырларды және инженерлік инфрақұрылымды оқшаулау, сондай-ақ көміртек ізі төмен жылу оқшаулағыш материалдарды қолдану кіреді.
— СИБУР құрылыс материалдарын өндірушілерге импорттық өнімдердің бәсекеге қабілетті баламаларын шығаруға арналған технологиялық шешімдерді ұсынады. Біз рецептураларды әзірлеуден бастап дайын шешімдерді нарыққа ілгерілетуге дейінгі толық циклді қалыптастырамыз. QAZ IZOL-мен бірлескен жұмыс Қазақстандағы заманауи ЖОМ нарығының дамуын жеделдетіп, жергілікті өндірушілерді қолдайтынына сенімдіміз, — деді СИБУРдың «Құрылыс» дивизионының директоры Алексей Сбоев.
QAZ IZOL қауымдастығының президенті Ержан Рахимов былай деп атап өтті.
— СИБУР-мен ынтымақтастық — Қазақстан мен Ресей нарығына қатысушылар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытудағы маңызды кезең. Сараптамалық білім мен практикалық тәжірибені біріктіру энергия тиімділігін арттыруға, нормативтік реттеуді жетілдіруге және заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, — деді ол.
Бұл серіктестік Ресейдің полимерлік жылу оқшаулау саласындағы тәжірибесін Қазақстан нарығының міндеттерімен біріктіріп, тұрғын үй қорын жаңғыртуға, энергия шығындарын азайтуға және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.