Сицилия әуежайы жанартау атқылауы салдарынан жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанартаудың атқылауы Сицилия әуежайының жабылуына себеп болды, Еuromag.ru.

Жанартаудың атқылауы бірнеше сағат бойы жалғасты, жанартау кратерінен ұшқан түтін мен шаң айналаны басып, от ағыны адамдар жоқ Бұқа аңғарына қарай бағыт алды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.