ВАК мәліметінше, 36 жастағы ер адам Мадридте бірнеше күн болып, Палермоға оралады. Көп ұзамай оның дене қызуы көтеріліп, бас ауруы және тамақ қабынуы сияқты белгілер пайда болады. Коронавирус сынағы аталған дертті жұқтырғанын растайды.
«Ер адамның денесінде маймыл шешегіне тән бөртпе пайда бола бастайды. Жүргізілген талдаулардан кейін бұл ауру да расталады. Италиялықтың қорғалмаған гомосексуалдық байланысы бар екені белгілі болған кезде, оған АИТВ-ға талдау жасалады. Бұл дертті де жұқтырғаны анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Фото: cloudfront-eu-central-1.images.arcpublishing.com