2014 жылдың желтоқсан айында археологтар Атлантидадағы су түбіндегі кемеден 39 металл құйманы - Платонның сипаттауынша, құны алтынмен пара-пар орихалканы тапқан кезде, бұл металл жұртшылықтың назарын өзіне аударған болатын.
«Атлантида алтыны» қалған табылған дүниелерді көлеңкесінде қалдырып кетті. Кеме және ондағы жүк туралы ақпарат өте аз: 2600 жыл бұрын ежелгі грек қаласы Гелаға жақын маңдағы жағалауда сауда кемесінің батып кеткені ғана белгілі. Бұл кеме қазіргі таңда 3-5 метр тереңдікте жатыр.
Бұл олжалар біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың соңы - VI ғасырдың басына тиесілі. Коринфейлік шлем - әскери техниканың бір бөлігі ретінде б.з.д. VI - V ғасырлар аралығында таралған, алайда ол Коринфте ғана жасалмады. Қазіргі таңда ол аса қымбат бағаланады. Оған жақында өткен аукциондардың бірінде осындай шлемнің 174 мың долларға сатылғандығы дәлел бола алады.