18:55, 17 Маусым 2009
Сицилия жағалауынан ежелгі жәдігерліктер табылды
МӘСКЕУ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат - Сицилия жағалауында теңізден эллиндік, римдік және византиялық дәуірлерге жататын ежелгі жәдігерліктер табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Итальяндық мәдени мұраларды қорғау қызметі өкілдерінің айтуынша, бұл заттар ежелгі кезеңдерде кемемен тасымалдау кезінде суға батқан. Табылған олжалардың ішінде көгершін бейнеленген құрбандық шалатын ыдыс жақсы сақталған.