Сицилиядағы ежелгі дербес үйді 1 еуроға сатып алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Палермода жылжымайтын мүлік сатып алушыларды қызықтыратын бірегей әдіс табылды, деп хабарлады Вести. ру.

Сицилияның Палермо провинциясындағы Ганджада ХІІ ғасырдағы жиырма ежелгі дербес үй небәрі 1 еуроға сатуға шығарылды.

Үйді сатып ала отырып, жаңа иесі оны алдағы бес жылдың ішінде жөндеуге міндеттенеді. Жергілікті компаниялардың брокерлері ескі дербес үйлерді бір еуроға сатып алумен іс бітпейтінін ескертеді. Өйткені оны жөндеудің өзіне 35 мың еуро көлемінде қаржы қажет.

Сицилия провинциясынан дербес үй салып ала отырып, меншік иесі жаңа тұрғын жаймен қатар, қаладан гөрі тыныш, бейқам өмір кешіп, жаңаша өмір салтын ұстанатын болады.