Түстен кейін қалаға оңтүстік жақтан құдды цунами тәрізді бұлттар жөңкіле келіп, күн күркіреп әрі найзағай ойнап, артынша қара түнекке айналған. Көргендердің айтуынша, осынау аспандағы өзгеше құбылысты кейбір австралиялықтар ақыр заманға балаған да көрінеді.
Мұның алдында метеорологиялық қызмет Сиднейде дауылды ескерту жарияламаған. Бірақ бұршақ жауып, күшті жел тұратындығы, Сиднейдің солтүстік жағында орналасқан аудандарда дауыл тұруы ықтимал екендігі кейіннен белгілі болған.