Сидней аспанында жолаушылар лайнері отқа оранды

АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - Сидней аспанында Air Canada компаниясының ұшағы отқа оранды, Ванкуверден Торонтоға бара жатқан лайнерді жедел қайтаруға тура келді,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Boeing 777-233 бортында күрделі проблеманың орын алғанын лайнер командирі жергілікті уақыт бойынша сағат 11.53-те хабарлаған, ал 1 сағат 12 минуттан кейін ұшақ, бар отынды жағып барып, Сиднейге қонған. Жолаушылар мен экипаж мүшелерін жерде ондаған жедел жәрдем көліктері мен өрт сөндірушілер күтіп алды.

Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.