Сидней маңында су астында қалған жанартау тізбегі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар Сидней маңында мұхит түбінде қалған төрт жанартау тізбегін тапқанын хабарлады.

Ғалымдар өткен айда омар дернәсілдерін іздеу кезінде Сидней жағалауынан 250 шақырым жерде 4 сөнген жанартауды анықтаған. Бұл жаңалық ғалымдарға Австралия мен Жаңа Зеландия арасындағы мұхит құпияларын ашуға септігін тигізеді. Бұл туралы Phys.org хабарлады.

Австралия ұлттық университетінің жанартаулар бойынша сарапшысы Ричард Аркулус шамамен 20 шақырым қашықтықта орналасқан жанартаулар жоғары мантияға (жер асты қабаты) деген нағыз терезе екенін айтты.

«Олар 40- 80 млн жыл бұрын Жаңа Зеландия мен Австралияның бөлінуі тарихының бір бөлігін көрсетеді және қазір ғалымдарға жер қыртысының құпияларын білу үшін теңіз түбін зерттеуге көмектеседі», - деді ол.