Сиднейде Олимпиада ойындары өткен стадион өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық Сиднейде Олимпиада саябағында 2000 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткен стадионда ірі өрт орын алды, деп хабарлады News.com.au. порталы.

Жергілікті өрт қызметіне саябақта орналасқан Monster Skatepark алаңын өрт шарпығанға дейін «қатты тарсыл» туралы хабарлама түскен. Куәгерлердің бірі "Австралия" (ANZ Stadium) стадионының шатырында жұмыс істеп жатқан құрылысшылардың «адамдарды шығару үшін» өртке оранған ғимаратқа қарай жапа-тармағай жүгіргендерін айтты. Көрші спорт алаңдарындағы жандар шұғыл эвакуацияланды.

Өрт қызметі өз Twitter-інде оқиға орнында 80 өрт сөндіруші болғанын, жалынды ауыздықтағанын жеткізді.