деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олар канадалық Даниэль Нестор мен сербиялық Ненад Зимоничке (6:0, 7:6 (7:4) есе жіберді. Даниэль мен Ненад ширек финалда германиялық Кристофер Кас пен бельгиялық Норман Диктен басым түскен болатын. Ал Евгений мен Игорь германиялық Бенджамин Беккер мен американдық Скотт Липскидің жұбын тізе бүктірді. Алғашқы сетте 7:5 есебімен ұтылған олардың қарсыластары екінші сетте ойыншыларының біреуі жарақат алып қалғандықтан жарысты жалғастырудан бас тартты. Жүлде қоры 372,5 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыста жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған Евгений жекелей сында алғашқы айналымда американдық Сэм Куэрриді 6:2, 5:7, 6:4 есебімен қапы қалдырған болатын. Алайда екінші айналымда тағы бір американдық Мэрд Фиштен 1:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды.