Сильвио Берлускони мерейтойын атап өтуде

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Италияның премьер-министрі Сильвио Берлускони бейсенбі, 29 қыркүйек күні 75 жылдық мерейтойын атап өтуде.

«Комсомольская правда» газетінің жазуынша, қазір елдің экономикасы да министрлер кабинетінің басшысының саяси лауазымы сияқты қиындықты кезеңді бастан өткеруде көрінеді.

Тап осы уақытта Италия экономикалық құлдырауға ұрынып, елдегі қиындықтардан шыға алмай келеді. Берлускони басқаратын Үкімет те барынша қарекет жасап, қатаң экономика бойынша ешкімге белгісіз іс шараларды қабылдап, республиканың барлық азаматтарына арқа сүйеуде.