Сильвио Берлускониді елордада не қызықтырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Телерадиокешені Италия Үкіметінің сол кездегі төрағасы Сильвио Берлусконидің Қазақстанға жасаған сапарынан видео ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы мұрағаттық видеомызда2008 жылдың қазан айында Италия Республикасы Үкіметінің Төрағасы СильвиоБерлусконидің ҚР-ға жасаған сапарынан үзінді бейнеленген. Ол Астананың көрнекіжерлерімен танысып, Қазақстанның жас астанасындағы сәулеттік шешімдерге тәнтіболды», - деп жазылған ҚР Президенті Телерадиокешенінің Facebook-тегі аккаунтында.

Сондай-ақ видеоүзіндіден Италия премьері бастаған делегацияны ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әуежайдан күтіп алғанын, олардың Ақордада емен-жарқын әңгімелесуін көруге болады. Ол «Бәйтерек» монументіндегі «Аялы алақан» мүсініне қолын қойып, осы сәтте Қазақстан Әнұранының ойнағанына қуана тәнті болады.

«Ескесалайық, Сильвио Берлускони – Италияның бұрынғы премьер-министрі (1994-1995,2001-2006, 2008-2011 жылдары), «Алға, Италия» партиясының төрағасы. Оныңиталиялық саясатқа жасаған алғашқы қадамы 57 жасында болды. Ол еуропалықмемлекеттер тарихында үкіметті басқарған бірінші мультимиллиардер. Сондай-ақ,Италияның премьер-министрі лауазымында қызмет атқару уақыты жөнінен рекордшыболып табылады – 9 жыл», - делінген парақшада.






,

Соңғы жаңалықтар