Сьогг деп аталған сілеусін норвегиялық Лиллехаммер қаласында өтетін 2016 жылғы Жастар Олимпиадасының бойтұмары ретінде алынды. Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады. Ұйымның баспасөз қызметінен берілген мәліметтер бойынша, Лиллехаммерде "сьогг" (sjogg) сөзі «қар» деген мағынаны білдіреді.