Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын алды. Израиль екінші орында, ал қазақстандықтар қола медальді қанағат тұтты.
7-17 жастағы балалар барлық аталымдарға қатысты. 17 жасқа дейінгілер 7 аталымда шеберлік байқасты - қазіргі заманғы хореография, әлем халықтарының биі, стильді халық биі, балалар, классикалық және эстрадалық би, сондай-ақ, би шоуы.
- Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің балалар өзге елдерден келген қатысушылардан еш кем емес. Техникалық жағынан да, костюмдерімен де. Сондай-ақ, биыл жас санаттары өзгертілді, турнирге кіші топты да қатыстырдық, - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.