«Take on me» әнін орындаған әнші қазылар алқасының жүрегін жаулап алды.
– Денем тітіркеніп кетті, дауысың керемет. Биің, харизмаң, энергетикаң тамаша. Әрі сымбаттысың. Нағыз фантастикалық шоу болды. Сен Silk Way Star жобасының нағыз жұлдызысың. Алғашқы кезеңде әлсіздеу өнер көрсетіп едің. Екінші кезеңде сенің өнеріңді күттік. Күткеніміздей орындау болды, бүгін жарқырадың, - деді әділқазы мүшелері.
Екі кезең қорытындысы бойынша 236 ұпаймен Қазақстан 2-орынға жайғасты.
Айта кетейік, Alem-мен бірге Армениядан келген Саро Геворян да үздік атанды. «It's a Man's Man's Man's World» әнін тыңдарман назарына ұсынған өнерпаз жоба бағалаушыларын қайран қалдырды.
Бұған дейін әзербайжандық әншінің Silk Way Star жобасымен қош айтысқанын жазаған едік.