Silk Way Star: үшінші эпизодтың нәтижесі белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының үшінші эпизодынан кейінгі нәтижелер белгілі болды.
Silk Way Star байқауына қатысушылар қазақстандық хиттерді өз ана тілдерінде орындады.
Үш эпизодтың жалпы нәтижесі келесідей:
Қазақстан — 354 балл
Грузия — 338 балл
Армения — 334 балл
Өзбекстан — 332 балл
Малайзия — 330 балл
Қытай — 330 балл
Оңтүстік Корея — 330 балл
Моңғолия — 330 балл
Тәжікстан — 326 балл
Қырғызстан — 324 балл
Түркменстан — 318 балл
Осылайша, осы аптада Silk Way Star жобасынан Түркменстаннан келген қатысушы Довран Шаммиев шығып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада байқауды Әзірбайжан өкілі Сабина Заде аяқтаған болатын.
Екінші эпизодтың көшбасшылары болып ALEM (Қазақстан) мен Саро Геворгян (Армения) танылды, үшінші орынды Kandis тобы (Оңтүстік Корея) иеленді.
Бұған дейін хабарланғандай, Silk Way Star жобасына филиппиндік TikTok жұлдызы келді.