Телекөпір барысында өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «үш залым күшке» бірлесіп қарсы тұру, ШЫҰ-на қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту сияқты мәселелер қаралады. Олардың арасында әрине, Silk Way мен CGTN телеарналарының кәсіби серіктестігін дамыту да бар. Атап айтқанда Silk Way телеарнасында CGTN-мен ынтымақтастық аясында «Жібек жолы симфониясы: Алғашқы онжылдық» атты документалды фильм мен «Шанхай рухы» атты студиялық ток-шоуы көрсетіледі.
Астана мен Бейжің арасындағы телекөпір Silk Way телеарнасының эфирінде көрсетіледі.
Қазақстан көрермендері үшін көрсетілетін эфир уақыты: 28 маусым, Астана уақыты бойынша сағат 19:00.
Шетелдік көрермендер үшін: 29 маусым, Астана уақытымен сағат 01:00.
Silk Way – ел аумағынан тыс хабар тарататын Қазақстанның алғашқы спутниктік телеарнасы. Телеарнаны 118-ден астам елден көруге болады. Ол қазақ, орыс, ағылшын, қырғыз, өзбек, түрік сияқты 6 тілде хабар таратады.
СGTN – Қытай Халық Республикасының жаһандық телевизиялық желісі. СGTN телеарналарын әлемнің 160-тан астам ел мен өңірінен тамашалауға болады.