СІМ басшысы ҚР Президентінің бірқатар шетелдік сапарлары жайлы мәлім етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесіндегі бірқатар іс-шаралар жөнінде мәлім етті.

«Біздің Президентіміз Ұлыбритания, Франция, ОАР, Сауд Арабиясы мен Катар елдерiнде сапар жасауды жоспарлап отыр.

Көрiп отырғандарыңыздай, жұмыс кестесi өте тығыз. Бiздiң ұжымдасқан күш-жiгерiмiз нәтижелi болады деп сенемiз",-деді Е.Ыдырысов бүгін дипломатиялық корпуспен болған брифингте.