Оңайша апай қазақ дипломаттары және баспасөз өкілдерімен кездесу үшін Будапешттен арнайы келді. Кездесуге қатысушыларға зерттеушінің өмірі туралы презентация көрсетілді, оның көзқарасы мен ғылыми жұмыстары туралы, түркітанудың қалыптасуына және Қазақстан мен Мажарстан арасындағы достық қарым-қатынастарының дамуына қосқан үлесі туралы егжей-тегжейлі айтылды.
О. Мандоки Мажарстанда тұрады және жергілікті университеттердің студенттеріне қазақ тілін үйретеді. Ғалымның зайыбы естеліктерімен бөлісе келе, «Қоңыр туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ол екі халық арасындағы тек тарихи туыстықты дәлелдеп ғана емес, сонымен бірге қарым-қатынастардың жетілдіруіне, екі халықтың бірлігіне және жалпы мәдениеттің гүлденуіне септігін тигізген орасан зор еңбегінің үлгісі ретінде қазақ халқы оны мақтанышпен еске алып, құрметке бөленеді» дегенін айтты. «Қоңырдың өзі қазақтар мен мажарлар арасындағы «алтын көпір» болып еді. Бізге, екі халыққа, елдеріміз арасындағы мәңгілік достық үшін бұл көпірді пайдалануымыз ғана қалды», - деді ол.
Еске сала кетсек, Коңыр Мандоки 1944 жылы Мажарстанда дүниеге келді. Ол өз өмірін қыпшақ және түркі әлемінің тарихын зерттеуге арнады. Ғалымның айтуынша, барлық қыпшақтар арасында оған ең жақын болған - қазақтар.
Айта кетерлігі, Алматыда Қ. Мандокидің есімі Әуезов ауданындағы орта мектепке, сондай-ақ Медеу ауданындағы көшеге берілген.