Мұндай тапсырманы Премьер-Министр бүгін Үкімет отырысында жүктеді.
«1 ай мерзімде инвесторлар тарту жобасын әзірлеу қажет. Бұл жұмыстарға қазақстандық дипломатиялық өкілдіктер мен үкіметаралық комиссиялар жұмылдырылуы шарт. Әсет Өрентайұлы, Сыртқы істер министрлігімен бірге бұл мәселені зерделеп қарастыру қажет»,-деді Үкімет басшысы.
Мұнымен қоса К. Мәсімов 1 апталық мерзімде арнайы экономикалық аймақтардың дамуын тежеп жүрген себептерді жою бойынша тиісті ұсыныстарды енгізуді жүктеді. «Елбасының тапсырмасы аясында біздің жұмысымыздың басымдығы ретінде Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру қала береді. Әсет Исекешев осы мәселені қадағалайтын болады»,-деді Премьер-Министр.