«Бұл қауесет шындыққа жанаспайды. Ол табылған кезде мойны баспалдақтың үстіне асылған жіпке оралып тұрды. Алғашқы тексеріс кезінде денесінде ешқандай дақ, көгеру, қандай да бір жарақат болған жоқ. Аяқ-қолы байланбаған еді», - деді Айбек Смадияров СІМ брифингінде.
Оның айтуынша, оқиға орнынан алынған фото және бейнематериалдар бұл ақпаратты растайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін СІМ Египетте өз қызметкерінің қайтыс болғанын растаған болатын. Кейбір ақпарат құралдары қазақстандық дипломаттың өлімінің жұмбақ мән-жайы туралы хабарлаған еді. Атап айтқанда, Е. Жолдасовтың кіреберісте қолдары артына байланып, өлі күйінде табылғаны туралы ақпарат жарияланды.