СІМ өкілі шетелге шығатын қазақстандықтарға кеңес берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелге шығатын қазақстандықтарға қағаз күйіндегі құжаттарды өзімен үнемі бірге алып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде цифрландырудың алға кетіп қалғандықтан көптеген құжатты телефоннан-ақ көре аламыз. Осыған үйреніп қалғанымыз сонша, шетелге шыққан кезде өзге елде де сондай қызмет аламыз деп ойлаймыз», - деген Айбек Смадияров сақтық үшін кез келген құжаттың қағаз күйіндегі нұсқасын бірге ала жүруге кеңес берді.

«Сондықтан менің айтар кеңесім мынау. Шетелге шыққан кезде тіпті электронды билет болғанның өзінде тіркеу кезінде проблема болуы мүмкін. Өздеріңізбен бірге сақтық үшін қағаз күйіндегі құжаттарыңызды бірге ала жүріңіздер», - деді СІМ ресми өкілі.