Еске салсақ, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдің сыртқы саяси ведомствосы ресми өкілінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, ол Ресей Елшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне осы мәселе бойынша шақырылғанын айтқан.
«Елші Сыртқы істер министрлігіне салмақты әңгімеге шақырылған болатын. Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың теңқұқықты стратегиялық әріптестікке сай келмейтін мәлімдемесін талқыладық. Айтарлықтай қатқыл әңгіме болды», - делінген СІМ баспасөз қызметінің мәліметінде.