СІМ Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасады
17:50, 12 Қыркүйек 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақ төңірегіндегі соңғы оқиғаларға орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасы Әзербайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығына оның халықаралық деңгейде танылған шекаралары шегінде берік қолдауын тағы да растайды, сондай-ақ барлық мәселенді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды» делінген хабарламада.