Синьцзянда күштілігі 5 балдық жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Синьцзянда күштілігі 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Қытай сеймологиялық қызметі.

Жер асты дүмпулері жексенбі, 8 қаңтар күні Бейжің уақыты бойынша сағат 14.20-да Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданы (Солтүстік Батыс Қытай) Байнголэн-Моңғол автономиялық округының Ұшақ тал уезінде анықталған. Зілзаланың кіндігі 42,1 градус солтүстік ендігі мен 87,5 градус шығыс бойлылық координаттарында  болды. Қаза болғандар мен қиратулар туралы мәліметтер жоқ.