Синагогадағы өрт алаңы 200 шаршы метрді құрады

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Мәскеу синагогасының асханасындағы өрт сөндірілді. Өрттің жалпы алаңы 200 шаршы метрді құраған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Өрттің салдарынан шыққан иісті «Қытай-қала» метросы стансысының жолаушылары сезінген. Мәскеу құқық қорғау органдарының хабарлағанындай, метроға өрт түтіні желдеткіш шахтасы арқылы кірген.