Синагоганы өртемек болған: Францияда полиция қарулы ер адамды атып өлтірді
19:00, 17 Мамыр 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Француз полициясы Нормандияның Руан қаласындағы синагоганы өртеп жібермек болған қарулы ер адамды атып өлтірді. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Жеральд Дарманен X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.
Франциялық БАҚ-тың полициядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, тәртіп сақшылары синагога маңында түтін шығып жатқаны туралы хабарды алысымен оқиға орнына жеткен.
Ол жерде қолына пышақ ұстап, ұзынша келген темір затпен қаруланған ер адам полицейлерге қарай тап бергенде, тәртіп сақшылары оқ жаудырып, күдіктіні атып өлтірді.