СИНГАПУР. ҚазАқпарат - Сингапур билігі коронавирус жұқтырудың 16 870 жаңа жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат News CNN-ге сілтеме жасап.
Елде ауруға шалдыққандардың жалпы саны осымен 1 557 648 адамға жетті.
Жаңа оқиғалардың 15 978-і жергілікті, 892-сі – сырттан әкелінген. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған статистикаға сәйкес, жергілікті оқиғалардың ішінде 906 жағдай ПТР (полимеразды тізбекті реакция) және 15 072 AРТ (жедел антиген сынағы) арқылы анықталған. Қазір стационарда 734 науқас ем алуда, оның 12-сі интенсивті терапия бөлімінде жатыр.
Министрліктің мәліметінше, COVID-19 инфекциясы салдарынан үш адам қайтыс болды, вирустан болған жалпы өлім саны 1440-қа жетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлемді коронавирустың жаңа штамдары жиілігінің артуына байланысты маска режиміне және жаппай тестілеуге қайта оралуға үндеді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.