Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл сынып бөлмесі, дәліз, асхана және т.б. болуы мүмкін. Ал оқушы бұған шамамен күніне 10 минуттан астам уақыт жұмсауы тиіс. Жаңа қағида бастауыштан жоғары сыныптарға дейін - барлық мектептерге қолданылады.
Әзірге осы жаңалыққа психологтар, педагогтар қарсылық білдірген жоқ.
Көптеген мектептер өкімді ресми жариялағанға дейін де кезекшілік кестесін жасап келген. Оның орындалуын өздері сайлаған топ басшысы бақылайды. Кезекшілердің міндеттері қарапайым: гүлдерді суару, қоқыс төгу, сынып бөлмелерінің шаңын сүрту.