Жаңа мемлекет басшысының сайлауы 23 қыркүйек күні өтеді, оған үш үміткер қатысады.
77 жастағы саясаткер Сингапурдың жаңа тарихындағы жетінші президент болды. Ол 2011 жылы өткен сайлауда жеңіп шыққан еді. Тони Тан түрлі жылдары вице-премьер, қорғаныс министрі,мемлекеттік инвестициялық корпорацияның атқарушы директоры (GIC) болған еді.
Ел конституциясына сәйкес, президенттің билігі шектеулі, ал мемлекетті іс жүзінде премьер-министр басқарады.