Денсаулық сақтау істері жөніндегі аға мемлекеттік министр Эми Кхор бұл ұсынысты парламенттің қарауына енгізді.
«Бұл жасқа жетпеген адамдарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салынады, онымен қоса, шылымды сақтағаны үшін де жауапкершілік енгізіледі», - деді ведомство өкілі. Оның айтуынша, «ұсынылған шектеу таяу бірнеше жылда күшіне енуі тиіс».
Сингапур Денсаулық министрлігінің 2010 жылғы деректеріне сәйкес, 18-69 жас аралығындағы ел азаматтарының жалпы санынан шылымқорлар үлесі 14,3 пайызды құрайды.