Кең прокатқа 13 наурызда шыққан және ағылшын мен қытай тілдеріндегі субтитрімен қазақ тілінде көрсетілген қазақстандық фильм Сингапурда жылы қабылданды. «Straits Times», «Berita Harian» и «Lianhe Zaobao» сияқты сингапурлық баспа басылымдары аталмыш фильмнің Канн кинофестивалінде ұсынылғанын атап өтіп, қазақстандық кинематографтың дебютін жоғары бағалады.
Қазақстанның әртүрлі әсерлі табиғи көріністері аясында тарихи оқиғаларды шынайы ұсыну мен ұшқыр сюжеттік желі сингапурлық көрермендердің аса қызығушылығын туғызды.