Сингапурда дүкенге соғылған көлік бес адамның өмірін қиып кетті

СИНГАПУР. ҚазАқпарат – Сингапурдың орталық бөлігіндегі шағын дүкенге кеп соғылған көлік кесірінен бес адам қаза тапты, тағы біреуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Straits Times агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға 13 ақпан күні таңертең болды. «BMW» маркалы автокөлік дүкен орналасқан үш қабатты ғимаратқа соғылған.

Көлікте болған бес адамның барлығы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адамды күйік шалған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Апатты анықтау жұмыстары жүріп жатыр.