Сингапурда Зика вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурда Зика вирусын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Бұл туралы Channel News Asia телеарнасынан хабарлады.

Оның мәліметінше, науқас Зика вирусын Бразилияда болғанда жұқтырды. "27 наурыз бен 7 мамыр аралығында Сан-Паулда болған Сингапурда тұратын науқаста, 48 жастағы ер адамда безгек пен бөртпелер пайда болған. 10 мамырда ол ауруханаға жеткізіліп, 12 мамырда карантинге жабылды", - делінген Сингапурдың Денсаулық сақтау министрлігі мен Қоршаған орта бойынша ұлттық агенттіктің мәлімдемесінде.

Қазір Зика жұқтырған науқастың туыстары тексеріліп жатыр, деп хабарлады ТАСС.

Алғаш рет Зика безгегі 1947 жылы Угандада тіркелген және осы кезге дейін адамға қауіпсіз деп саналған. Зика вирусына қарсы екпе әзірге жоқ.