Сингапурде әлеуметтік роботтар жасалды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Сингапурдің ASTAR ғылым, технологиялар және зерттеулер агенттігі жаңа жасалымдарын ұсынды, олардың ішінде алғашқы екі Olivia және Lucas әлеуметтік роботы бар. Бұл жаңалықтар Singapore Robocup 2010 дәстүрлі жарыстарында көрсетілді. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Olivia роботы үй қызметкерінің немесе үй хатшысының міндетін атқара алады. Сондай-ақ ол музыкалық аспаптарда ойнай алады, электр приборларын бақылайды және телефон қоңырауларына жауап қайтарады.

Lucas роботы саяхат жүргізуші гид немесе даяшы бола алады. Бұл машина қонақтарды алып жүреді, үстелге сусын және тағам қояды, тапсырылған аумақты торуылдайды және басқа да жұмыстарды атқарады.

Екі робот та өз алдына әрекет ете алады, сондай-ақ қашықтан басқарылады.