Бұрын берілген рұқсат қағаздары мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады, кейін темекі шегуге тыйым салынады.
Қоршаған ортаны қорғау ұлттық агенттігі алдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қала-мемлекеттің көптеген дүкендері орналасқан Орчард орталық көшесінде темекі шегуге толықтай тыйым салынатын болады.
Тек арнайы жабдықталған орындарда ғана шегуге рұқсат етіледі. Осы көшеде орналасқан барлық дәмханалар мен мейрамханалар келесі жылдың 30 маусымына дейін темекі шегу орындарын жоюы тиіс.
Өткен жылы билік 400 орман тұрағы аумағында темекі шегуге тыйым салып, ережені күшейткен еді. Бұдан бұрын сауда орталықтары, медициналық мекемелер, қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты осындай шаралар енгізілді.