Сингапурдың «Шығанақтағы бақтар» жобасы аяқталып келеді

None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Сингапурдың «Шығанақтағы бақтар» ұлттық жобасы аяқталып келеді. Бұл туралы жобаның ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Бақтар» шығанақ суымен бөлінген үш тақырыптық бөліктен тұрады. Саябақтың жалпы көлемі - 101 гектар. Ең үлкен әшекейі 2 арнайы оранжерея мен 18 алып «суперағаштар» болмақ. Бұл бетон «өсімдіктер» сонымен қатар электр стансалары міндетін атқарып, электр қуатын өндіреді және жаңбыр суын әзірлейді. «Супер ағаштардың» ұшар басына  күн батереялары орналастырылған, ал - діңіне суға арналған арнайы резеруарлар орнатылған. Ал тірі организмге қырыққұлақ, орхидея мен бромель эпифиттері пайдаланылған, олар ауада ағаштарда өсе береді, тамырлары топырақ пен суды қажет етпейді, ал өсімдіктер өзіндік шағын экожүйе құрайды.

Жоба өзінің бірегей келбетімен және ауқымымен таңғалдырады. Жаңа көрнекті орын мұнда туристерді көптеп тартатыны сөзсіз.