Сингапурлық Tigerair компаниясы лайнерінің бортында жолаушы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурлық Tigerair бюджеттік авиакомпаниясының ұшағы бортта адам қайтыс болуына байланысты Бангкоктағы әуежайға қонды, деп хабарлады ТАСС. Бұл туралы The Straits Times газетінің электрондық нұсқасы хабарлады.

Басылым ақпаратына сәйкес, Сингапурдың 58 жастағы азаматы 12 қаңтарда өзінің отбасымен бірге тайландтық Чиангмай қаласына келе жатқан. Белгісіз себептермен ол өзін жайсыз сезінеді. Жедел көмек көрсету үшін командир Бангкокке қонуға шешім қабылдайды. Алайда жолаушы бортта жан тапсырды.