Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында - көбіне жаңбыр болады. Сондай-ақ кейбір аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстік және солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде кей жерлер желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстанда желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін баруы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз бұрқасын болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде - желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Ақтобе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Түркістан, түнде және таңертен Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтіледі.