Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында бұрқасын болады.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел жылдамдығы секундына 18-26 метрге дейін жетеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде таңертең және күндіз тұман, көктайғақ байқалады. Жамбыл облысында қарқыны секундына 15-20 метр болатын күшті жел соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.