бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Қызылорда облысында кейбір жерлерде желдің күшеюі, шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Қостанай облысында кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін, кейбір жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталады.
Республиканың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында күн қатты ыстық болады.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқулары байқалады. Шығыстағы жекелеген таулы өзендерде жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.