Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 22 ақпан күні республиканың батысында және солтүстік батысында ауа райы құбылып тұрады.
Республиканың бірқатар аймақтарында жауын-шашын болса, ендігі бөліктерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, соңы жаяу бұрқасынға ұласады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының бірқатар аумақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.
05:00, 22 Ақпан 2019
Синоптиктер 22 ақпан күнгі ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның өкілдері ақпанның 22-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.