Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. Жекелеген аумақтарда оның екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Қарағанды, Ақмола, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.