Республиканың оңтүстік бөлігі оңтүстік циклонға байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болып, онымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с құрайды, таңертең және күндіз кейбір жерлерде жел 23-28 м/с дейін көтеріледі, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ, жел жылдамдығының 15-20 м/с дейін көтерілуі, жел екпінінің 23-28 м/с дейін өсуі күтілуде.
Алматы облысында түнде кейбір жерлерде тұман түседі, күндіз Алакөл маңында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жел жылдамдығының 15-20 м/с дейін өсуі ықтимал.
Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, Қостанай облысының кейбір жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қарағанды облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысының жекелеген аласа таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.